
Фото: Жоғарғы сот
Аудан соты істі қарап, жанар жағар май автогаз құю бекетінде өрт қауіпсіздік талаптарының ережелері сақталмағанын анықтады. Салдарынан бекетте тұрған екі адам өртке күйіп, өмірден өткен.
Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы оқыс оқиғаға сотталушылардың кінәлі екенін дәлелдеді.
Нәтижесінде сот «JOL YRYSY» ЖШС-нің жүргізушісі және оның басқарушы директорына әрқайсысын 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындады.
Келтірілген моральдық және материалдық шығын ішінара өтелген.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.