
Іс-шараға аудан әкімі Қанат Қожықаев, аудандық мәслихат төрағасы Юржан Бекқожин, облыстық Полиция департаментінің басшылығы мен орынбасарлары, аудан прокуроры, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.
Кадет сыныбы аудан мектептерінде алғаш рет ашылып отыр. Жоба аясында оқушыларға арнайы полицейлік үлгідегі формалық киімдер тігілді. Оқу кабинеті заманауи көрнекі құралдармен және қажетті техникалық жабдықтармен толық қамтамасыз етілді.
Бұл бастама өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, құқықтық сауаттылықты арттыру және болашақ кәсіби бағдар беруге бағытталған. Кадет сыныбы оқушылардың ішкі істер органдары қызметімен жақынырақ танысуына, азаматтық жауапкершілікті бойларына сіңіруіне ықпал етеді.
Ұлытау облысы