Экология • Бүгін, 16:22

Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС хабарлауынша, сейсмикалық жағдай Жамбыл облысында тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

Сезілетіндігі туралы мәліметтер:

  • Құлан ауылы - 3 балл;
  • Меркі ауылы - 2 балл.

«Сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 25 мамырда Астана уақытымен 15 сағат 08 минутта жер сілкінісін тіркеді», - делінген Сейсмологиялык зерттеу институтының хабарламасында.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай бағытта, Тәжікстан аумағында 338 шақырым жерде орналасқан.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.