Мереке • Кеше

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ұлттық науқанның алғашқы күнінде 500 мыңнан астам адам қатысты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 мамыр мен 1 маусым аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны өтуде.

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ұлттық науқанның алғашқы күнінде 500 мыңнан астам адам қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында атап өткендей, балаларға қамқорлық көрсету – бұл ортақ жауапкершілік әрі мемлекеттік саясаттың басты басымдығы. Осыған орай бұл бастама – балалар мәселесіне ерекше көңіл бөлуге және балалардың қауіпсіз ортада өсіп-жетілуіне жағдай жасауға, сондай-ақ қоғамның назарын бала құқығы мен балалық шақтағы өзекті мәселелерге аударуға бағытталған.

Мерекеге дейінгі іс-шаралар легі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Әкем — тірегім, анам – жүрегім» ұранымен ұйымдастырған науқаннан басталды. Бұл іс-шараның тақырыбы бала өміріндегі отбасының рөлін айқындау болды.

Еліміздің барлық өңірінде балаларға арналған мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, театрлық және концерттік бағдарламалар, спорттық және шығармашылық байқаулар, музейлер мен кітапханалардағы тақырыптық көрмелер өтті.

Сондай-ақ науқан аясында барлық аймақта Отбасыны қолдау орталықтарында ашық есік күндері өтті. Онда қазақстандықтар түрлі сала мамандарынан кеңес алып, ата-ананың жауапкершілігін түсінуге арналған оқыту іс-шараларына қатысты.

«Қазақстан балалары» ұлттық науқанына алғашқы күні еліміз бойынша жарты миллионнан астам қазақстандық қатысты.