Спорт • Бүгін, 14:51

13 жасар теннисші тағы топ жарды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның Пладжа-де-Аро қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender жарысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

13 жасар теннисші тағы топ жарды

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова аталған турнирде Италия, Испания, Венгрия, Германия, Швейцария спортшыларын 3:0 есебімен ұтып, 13 жасқа дейінгілер арасында алтыннан алқа тақты.

Еске салайық, отандасымыз осыдан 3-4 күн бұрын Болгарияның Панагюриште қаласында WTT Youth Contender турнирінде чемпион атанған еді.

Айта кетелік, Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Словения, Мысыр, Словакия, Венгрия, Италия елдерінде де үздіктер қатарында көрінген.