Бокс • Бүгін, 14:30

Азия чемпионатында боксшы қыздар 12 алтын алды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Шри-Ланканың Коломбо қаласында бокстан 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының финалдық бәсекелері басталды, деп жазады Egemen.kz.

Азия чемпионатында боксшы қыздар 12 алтын алды

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Жарыстың бүгінгі күнінде ел атынан алғаш болып шаршы алаңға шыққан Айым Танкибаева «алтын» медаль еншіледі. U-18 жас санатының 48 келіде сынға түскен отандасымыз Үндістан өкілін айқын басымдықпен жеңіп, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. 

Осылайша, Айым Чанчал Кумариді 5: 0 есебімен есеңгіретті. 

Қазақстан бокс федерациясы бұл додаға аттанған Қазақстан қыздар құрамасының барлық мүшесі финалға жетіп  Азия чемпионы атанғанын хабарлады.

50 кг

Биболсынқызы Сила — 1 орын,  алтын — Азия чемпионы

52 кг
Абдумажитова Рахмина — 1 орын,  алтын — Азия чемпионы

54 кг
Имантаева Жанель — 1 орын, алтын — Азия чемпионы

57 кг
Турсынғали Ақнұр — 1 орын, алтын — Азия чемпионы

60 кг
Касымхан Толғанай — 1 орын, алтын — 1-раундта мерзімінен бұрын жеңіс

63 кг
Кудайгенова Алина — 1 орын, алтын — Нокаутпен жеңіс
66 кг Есимбекова Ақбота — 1 орын, алтын — 1-раундта нокаутпен жеңіс

70 кг
Сидоренко Мария — 1 орын, алтын — Айқын басымдықпен, 1-раундта тоқтатылған жекпе-жек

75 кг
Толыбай Зарина — 1 орын, алтын — Азия чемпионы

81 кг
Егiңбайқызы Құралай — 1 орын,  алтын — 1-раундта нокаутпен жеңіс

+81 кг
Жақсылық Сабина — 1 орын  алтын — Азия чемпионы

Осылайша, Қазақстан қыздар құрамасы Азия чемпионатын командалық есепте бірінші тұғырда аяқтады.