
Фото: gov.kz
«Қазірдің өзінде жылу көздерін келесі жылыту маусымына дайындауға кірістік. ЖЭО-2 кеңейту жұмысын бастауды жоспарлап отырмыз, сондай-ақ «Тұран» газ жылу станциясының құрылысы толық аяқталады. Сонымен қатар, «Телман» газ жылу станциясының құрылысын да жүргізіп жатырмыз. Бұдан өзге, қосымша 7 км жылу трассасын саламыз әрі 1,8 км жылу трассасын қайта жаңғыртамыз», деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ, электрмен жабдықтау желілері бойынша – «Арай» қосалқы станциясын пайдалануға беріп, жаңа 1 қосалқы станцияның (Қабанбай) құрылысын бастау жоспарланған. Астанадағы перспективті құрылыс аудандарында 24 тарату/трансформаторлық пунктің құрылысын жалғастырып, сондай-ақ 86 км кабель желісін (10 КВт) қайта жаңғырту көзделіп отыр.