
Фото: egemen.kz/Ерлан Омар
Жыл басынан бері орта есеппен 853,6 мың отбасы мемлекеттік қолдауға ие болып, оларға жалпы 201,9 млрд теңге бөлінген. Атап айтсақ, көпбалалы отбасылар қатарындағы 611,5 мың отбасы 176 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алған. Ал наградталған аналар – 242 мың адам 25,9 млрд теңге көлемінде қолдаумен қамтылған.
Тек 2025 жылғы сәуір айының өзінде ғана бұл сан 860,1 мың отбасына жетіп, ай сайынғы төлемдердің жалпы сомасы 51 млрд теңгені құраған. Оның ішінде:
- Көпбалалы отбасыларға – 617,6 мың отбасы, 44,5 млрд теңге;
- Наградталған аналарға – 242,5 мың адам, 6,5 млрд теңге төленген.
Айта кетейік, мемлекеттік жәрдемақы отбасының табысына қарамастан, құрамында 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі баласы бар отбасыларға төленеді.
2025 жылы жәрдемақы мөлшері бала санына қарай:
- 4 бала – 63 030 теңге (16,03 АЕК);
- 5 бала – 78 798 теңге (20,04 АЕК);
- 6 бала – 94 565 теңге (24,05 АЕК);
- 7 бала – 110 332 теңге (28,06 АЕК);
- 8 және одан да көп бала – әр балаға 15 728 теңге (4 АЕК)
Жәрдемақы келесі «Күміс алқа» иегерлеріне – 25 165 теңге (6,40 АЕК) • «Алтын алқа», бұрынғы «Батыр ана» атағы және «Ана даңқы» орденінің I және II дәрежесі иегерлеріне – 29 097 теңге (7,40 АЕК) тағайындалады.
Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық балалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 6,5%-ға артты.