Оқиға • Бүгін, 15:25

Шерзат Полат ісінде мәйіттің суреті көрсетілді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот барысында күдікті ретінде танылған Абзал Шынасылдан жауап алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шерзат Полат ісінде мәйіттің суреті көрсетілді

Фото: Жоғарғы Сот

Сотта марқұмның анасы Гүлбара Бишембиева ұлының беті мен денесінде ауыр жарақаттар болғанын айтқан. Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев сотталушыға марқұмның денесіндегі жарақаттарға қатысты сұрақ қойған.

Алайда күдікті Абзал Шынасыл марқұм Шерзат Полатқа қол көтермегенін айтып, қысқаша жауап қатқан.

Айта кетейік, іс Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралып жатыр. Айыпталушылар 9 адам, олардың бірі кәмелетке толмаған. Бұған дейін олар өз кінәларын мойындамаған. Оларға «Адам өлтіру», «Қылмысқа дайындалу және оқталу», «Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау», «Бұзақылық» және «Ұрлық» бабы бойынша айып тағылған.