
Фото: Ашық дереккөз
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 471 мың адамды құраған.
«2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 400 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 784 теңге, базалық зейнетақы – 47 616 теңге», деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2025 жылдың сәуір айында орташа зейнетақы 143 622 теңгені құраған, оның ішінде ынтымақты зейнетақы 95 963 теңге, базалық зейнетақы 47 659 теңге болды.