Қоғам • Кеше

Табиғат аясында 7 балалар лагері жұмыс істейді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санаулы күндерден кейін басталатын оқушылардың жазғы демалысына қала сыртындағы жеті лагерьде қызу әзірлік жүріп жатыр. Бұл күндері маусымдық «Әлия», «Campіt», «Мұғалжар», «Мұнайшы» лагерьлерінде  ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. 

Білім басқармасының мәліметіне қарағанда,   Ақтөбе облысында 291 мыңнан астам оқушы  жазғы демалыспен қамтылады, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Табиғат аясында 7 балалар лагері жұмыс істейді

Жаз бойы бес маусымда балаларды қабылдайтын жеті қала сыртындағы демалыс орындарының екеуі мемлекеттік, бесеуі жекеменшік. Мұндағы он күндік бір жолдаманың орташа  бағасы 80- 100 мың теңге аралығында. 

П

Бұдан өзге  699 мектеп жанындағы лагерь және қосымша білім беру мекемелерінен 49 жазғы алаң ашылып, оқушылар бұл жерлерде сегіз сағат  немесе жарты күн уақыттарын өткізеді. Оларға тәрбиешілер мен ұстаздар қызғылықты ойындар мен спорт сайыстарын өткізіп,  музейлер мен басқа да да мәдени орындарды аралатады.Р

Өңірде балаларды  жыл бойы  сауықтыратын «Күншуақ» және «Әсем» лагерьлері жұмыс істейді. Әсіресе, «Күншуақта»  тірек-қозғалысы бұзылған балалардың демалысына қолайлы жағдай жасалған. Бұл жерге балалар көбінесе дәрігерлердің жолдамасымен қабылданады.

ПБір жылда «Күншуақ» пен «Әсем» лагерінде 2532 бала демалған. Облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаеваның хабарлауынша, осы жазда 3960  кәмелет жасына жетпеген оқушыға демеушілер көмегімен лагерь жолдамалары табысталған. Соның ішінде    233 кәмелетке толмаған жас республикалық «Балдәурен» және «Бөбек» орталықтарына барады.

Ақтөбе облысы.