Үкімет • Бүгін, 16:48

«Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы әзірленіп жатыр

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің тапсырмасы бойынша «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы жаңа оқу жылы басталғанға дейін дайын болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы әзірленіп жатыр

Фото: Видеоскрин

Аталған тапсырманың орындалу мәселесін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов көтеріп, қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы сұрады.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бағдарламаны сапалы дайындау үшін тиісті мемлекеттік органдармен, сарапшылармен, сондай-ақ үкіметтік емес сектор өкілдерімен бірлесіп арнайы жұмыс тобы құрылғанын тілге тиек етті.

«Бүгінде жұмыс тобына көптеген ұсыныстар мен пікірлер келіп түсіп жатыр. Олардың негізінде қолжетімді білім беру, денсаулық сақтау және қауіпсіздікке қатысты бағдарламаның 7 негізгі бағыты айқындалды. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр. Оқу жылы басталғанға дейін бағдарлама дайындалады», деді министр.