
Фото: Энергетика министрлігі
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, ЖЭК секторындағы даму – инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған тұрақты мемлекеттік қолдаудың нәтижесі. Жаңа нысандардың құрылысы негізінен жеке инвесторлардың қаржысы есебінен жүзеге асырылып жатыр, ал халықаралық озық тәжірибелер белсенді түрде енгізіледі.
Айта кетейік, мұндай өсім елдегі «жасыл» экономикаға көшу бағытындағы мемлекеттік саясаттың сәтті жүзеге асып жатқанын көрсетеді.
Соңғы бес жылдағы өсім динамикасы:
- 2021 ж. – 3,69%;
- 2022 ж. – 4,53%;
- 2023 ж. – 5,92%;
- 2024 ж. – 6,43%.
Қазіргі таңда елімізде 154 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді, олардың жалпы қуаты 3 ГВт-тан асады. Атап айтқанда:
- 63 жел электр станциясы (1 570,05 МВт);
- 46 күн электр станциясы (1 222,61 МВт);
- 42 су электр станциясы (287,685 МВт);
- 3 биогаз станциясы (1,77 МВт).