
Фото: Көлік министрлігі баспасөз қызметі
Теміржол: 13 бағытта жүреді
Биылғы маусымда Алакөл курорттық аймағына 13 теміржол бағыты бойынша жетуге болады. Оның төртеуі – жыл бойы қатынайтын тұрақты бағыттар болса, қалған тоғызы – жазғы маусымға арнайы қосылған қосымша пойыздар.
Алматыдан Алакөлге:
- №207/208 «Алматы-2 – Жалаңашкөл» (аптасына 2 рет),
- №221/222 «Алматы-2 – Достық» (аптасына 3 рет),
- №211/212 «Алматы-2 – Достық» (маусым–шілдеде жұп, тамызда тақ күндері),
- №337/338 «Алматы-2 – Достық» (аптасына 3 рет),
- №21/6941/6942/22 «Алматы-1 – Достық» (жұп күндері).
Астанадан Алакөлге:
- №54/53 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет),
- №254/253 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет),
- №122/6942/6941/121 «Нұрлы жол – Семей» (жұп күндері).
Басқа өңірлерден:
- №31/6942/6941/32 «Павлодар – Достық» (жұп күндері),
- №21/6942/6941/22 «Қызылорда – Достық» (тақ күндері),
- №457/458 «Семей – Достық» (тақ күндері),
- №459/460 «Өскемен – Достық» (тақ күндері),
- №6941/6942 «Ақтоғай – Достық» (күн сайын).
Әуе рейстері: Үржарға – 14–16 мың теңгеден
2025 жылдың 1 маусымынан бастап SCAT әуе компаниясы Алакөлдің маңындағы Үржар ауылына субсидияланған рейстерді орындай бастайды.
- Астана – Үржар бағыты бойынша аптасына 6 рейс ұшады. Бір бағыттағы билет құны – 16 мың теңге.
- Алматы – Үржар рейсі де аптасына 6 рет орындалады, билет құны – 14 мың теңге.
Сондай-ақ, Үшарал қаласына да субсидияланатын әуе рейстерін ашу мәселесі қарастырылып жатыр.
Автожол: Алакөлге дейінгі барлық жол жаңарған
Көлге апаратын жол инфрақұрылымы да толық жаңартылды.
- Жалпы ұзындығы 768 шақырым болатын «Талдықорған – Өскемен» жолы толықтай жаңа асфальтпен жабдықталған.
- Жетісу облысы жағынан: Үшарал арқылы өтіп, 180 шақырымдық «Үшарал – Достық» жолымен көлдің оңтүстік жағалауына жетуге болады.
- Абай облысы жағынан: «Таскескен – Бақты» жолымен Мақаншы ауылына (133 км), одан әрі «Мақаншы – Жалаңашкөл» бағыты арқылы көлдің солтүстік жағалауы қолжетімді.
Барлық бағыттағы республикалық маңызы бар жолдарға жаңа асфальтбетон жабындысы төселген, бұл жеке көлікпен сапар шегетіндер үшін үлкен жеңілдік. Сонымен Алакөлге бару бұрынғыдан да оңай әрі қолжетімді болды. Теміржол қатынасы кеңейіп, әуе билеттері арзандап, жолдар жақсарды. Жазғы демалысын ел ішінде өткізуді жоспарлаған қазақстандықтар үшін Алакөл биыл да негізгі бағыттардың бірі болмақ.