Тағайындау • 20 Мамыр, 2025

Нұрлан Ұранхаев жаңа қызметке тағайындалды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ұранхаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұрлан Ұранхаев жаңа қызметке тағайындалды

Нұрлан Ұранхаев өнеркәсіп және құрылыс салаларына жетекшілік ететін болады.

Нұрлан Ұранхаев 1987 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2001 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтында «экономист-менеджер» біліктілігін алған. 2006 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1987 жылы слесарь-монтажшы ретінде бастап, кейін «Казпромтехмонтаж» тресінің Семей монтаж басқармасында шебер және учаске прорабы болып жұмыс істеді.

1990–2001 жылдар аралығында бірқатар коммерциялық құрылымдарда басшылық қызмет атқарды: «Зергер» корпорациясы, «Аккус» АҚ, «Сұңқар» ЖШС, «Казиркутсклес» бірлескен кәсіпорны.

2003 жылдан бастап мемлекеттік қызметке ауысты. ШҚО-да энергетика, ТКШ, құрылыс және көлік басқармаларын басқарды, кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

Бұдан бөлек, ол ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары; ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы; ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінде меңгеруші орынбасары; Қызылорда облысы әкімінің орынбасары; Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары; «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры; Алматы және Астана қалаларында сәулет және қала құрылысы басқармаларының басшысы қызметтерін атқарды.

2022 жылғы маусымнан 2025 жылғы ақпанға дейін Абай облысының әкімі қызметін атқарды.