
Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар
Кейінгі 5 жылда Қазақстанда грант саны 1,4 есеге өскен. 2024-2025 оқу жылында 93 116 грант бөлінген. Талғат Ешенқұлов жаңа оқу жылынан бастап білім алушылардың стипендиясы артатынын мәлімдеді.
«Бакалавриат үшін стипендия - 52 372 теңге, магистратурада -117 098 теңге және докторанттар үшін - 262 500 теңгені құрайтын болады. Яғни, биыл бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артады», деді вице-министр.