
Фото: abai.kz
Балалардың психоэмоционалдық саулығына қауіп төндіріп отырған мұндай контент цифрлық ортада еркін тарап жатыр. Комитет қазіргі таңдағы медиа және интернет форматтарының жылдам өзгеріп жатқанын атап өтіп, заңнамалық базаны жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар дайындағанын хабарлады. Бұл ұсыныстар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне, сондай-ақ Ішкі істер министрлігіне жолданған.
«Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың әлеуметтік желілерде қандай контент көріп жүргеніне, кімдермен сөйлесетініне және интернетте не талқылайтынына ерекше назар аударыңыз. Балаңызбен ашық әңгімелесіп, сыни ойлау қабілетін дамытуға көмектесіңіз. Егер күмәнді немесе зиянды контент байқасаңыз – бұл туралы бірден құзырлы органдарға хабарлаңыз. Саналы ата-ана ретінде балаңыздың өміріне белсенді араласуыңыз – оның цифрлық қауіпсіздігінің басты кепілі», делінген Балалардың құқықтарын қорғау комитеті таратқан ақпаратта.
Министрлік бұл мәселе бойынша кешенді шаралар қабылданатынын және балалардың қауіпсіздігін қорғау үшін тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізілетінін мәлімдеді.