
Фото: ҚТФ
Отандасымыз турнир финалында қытайлық Бу Юньчаокэтэге қарсы ойын көрсетті. Екі сетте 6:3, 6:3 есебімен жеңді.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Александр Бублик үшін бұл — ATP Challenger санатындағы жекелей сында жеңіп алған жетінші титул және топырақты корттағы алғашқы жеңіс.
Айта кетейік, оның еншісінде ATP 250 сериясындағы үш, ал ATP 500 турниріндегі бір чемпиондық атақ бар.