Қоғам • Бүгін, 09:27

Қырағы азамат кейуананы зор қайғыдан құтқарып қалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Банкоматтан ақша алуға кезекке тұрған бір азамат өзінің алдында тұрған кейуананың шоттағы ақшасын алып, телефонмен сөйлеген біреудің айтуымен бір шоттарға аудара бастағанын көреді.

Қырағы азамат кейуананы зор қайғыдан құтқарып қалды

«Сіз алданып қалмаңыз, телефонмен айтылған шоттарға неге ақша аударасыз» дегенге кейуана қайрылмайды.

Ал қырағы азамат бұл оқиғаны дереу полицияға хабарлайды. Жедел жеткен полиция кейуанаға алаяқтардың арбауына түскенін айтады.  

Артынан белгілі болғанындай 73 жастағы кейуанаға «қаржылық бақылаудан» бір «жанашыр» хабарласып, сіздің атыңызға несие рәсімдегелі жатыр. Шоттағы ақшаңызды мына «қауіпсіз шоттарға» жедел аударыңыз дейді. Соған сенген кейуана жанталасып банкоматқа жетіп, шотындағы 5 млн теңгенің 3 млн алаяқ көрсеткен шотқа аударып үлгереді. Қалған 2 млн теңгесін қырағы азаматтың арқасында құтқарып қалады. 

ПЕТРОПАВЛ