
Фото: kazgazeta.kz
Бүгінде 5,2 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жеріне дән себілген.
Ақмола облысында – 971,1 мың га, Алматы облысында – 228,4 мың га, Ақтөбе облысында – 124,9 мың га, Шығыс Қазақстан облысында – 337,6 мың га, Жамбыл облысында – 316,5 мың га, Батыс Қазақстан облысында – 171,2 мың га, Қарағанды облысында – 435 мың га, Қостанай облысында – 385,1 мың га, Павлодар облысында – 467,9 мың га, Солтүстік Қазақстан облысында – 359,1 мың га, Түркістан облысында – 482 мың га, Жетісу облысында – 353,6 мың га, Абай облысында – 463,6 мың га және басқа өңірлерде де егіс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дәнді дақылдар – 3 млн гектардан астам, мал азығы дақылдары – 382,3 мың га, көкөніс – 91,4 мың га, картоп – 66,7 мың га, бақша дақылдары – 69,9 мың га, майлы дақылдар – 1,2 млн га, мақта – 130,9 мың га, қант қызылшасы – 17,4 мың га, күріш – 52,6 мың гектар жерге егілген.
Аграрлар 1 млн тоннадан астам минералдық тыңайтқыш жеткізуге келісімшарт жасаған, оның ішінде 849,2 мың тоннасы жөнелтіліп үлгерген.
Салалық министрлік биыл тұқымға деген қажеттілік 2,3 млн тоннаны құрағанын, бұл көрсеткіш 100% қамтамасыз етілгенін атап өтті. Сондай-ақ бөлінген 401 мың тонна дизель отынының 233 мың тоннасы жөнелтілген.