
Фото: gov.kz
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының 16 мамыр күнгі мәліметі бойынша мына учаскелер жабылғанын мәлімдеді:
Толығымен жабылған көшелер:
20 сәуірден 20 тамызға дейін – Бұқар Жырау көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Қайсенов көшесіне дейінгі учаскесінде (кварталішілік жолдармен баламалы қозғалыс ұйымдастырылады);
9 сәуірден 30 тамызға дейін – Күйші Дина көшесі Мирас мектебінен М.Жұмабаев даңғылына дейін;
29 сәуірден 30 тамызға дейін – Ж.Молдағалиев көшесі Е-41 көшесінен Е-32 көшесіне дейін (Қозғалыс балама көшелер мен кварталішілік жолдармен ұйымдастырылған);
Ішінара жабылған көшелер:
11-17 мамыр аралығында – Ш.Айтматов көшесі Ж.Молдағалиев көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
10-20 мамыр аралығында – Аркар көпірі (М1) (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
9-17 мамыр аралығында – М.Жұмабаев даңғылы Б.Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
1 мамырдан 1 тамызға дейін – Ш. Бейсекова көшесі мен Н.Тілендиев даңғылының қиылысындағы көлік айырбасы (қозғалыс екі бағытта да 6 жолақты жолмен уақытша ұйымдастырылған);
-14-17 мамыр аралығында – Ұлы Дала даңғылы Қабанбай батыр даңғылынан Мәнгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
-14-22 мамыр аралығында – Домалақ ана көшесі Қорғалжын тас жолынан Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскеде (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
15-20 мамыр аралығында – Тәуелсіздік даңғылы Қажымұқан көшесінен Күйші Дина көшесіне дейінгі учаскеде (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
12-17 мамыр аралығында – Фахт бен Абдул Азиз көшесі К.Байсеитова көшесінен Ш. Бейсекова көшесіне дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген).