
Фото: Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі
Қазақ спортшысы Зейнолла Ыдырысов үздік нәтижемен (14,233 ұпай) бірінші орынды иеленсе, тағы бір отандасымыз Диас Тойшыбек те финалға өтті, ол 13,600 ұпаймен төртінші орынның нәтижесін көрсетті.
Аталған екі спортшы да финалға жолдаманы жарыстың «ат снаряды» бағдарламасының іріктеу кезеңінде алды.
Айта кетелік, аталған бағдарлама бойынша финалдық сайыстар осы айдың 17-18 күндері өтеді.