Экономика • Бүгін, 09:45

«Күміс жас» жобасы аясында қанша азамат жұмысқа орналасты

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы жылдың 1 мамырдағы дерегі бойынша, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 157,8 мың адам тартылып, 143,2 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылған, деп жазады Egemen.kz

«Күміс жас» жобасы аясында қанша азамат жұмысқа орналасты

Фото: ortcom.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі субсидияланатын жұмыс орындарына мансап орталықтары арқылы 106,3 мың адам жіберген. Оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарында 9,6 мың адам, жастар практикасында 6,6 адам, қоғамдық жұмыстарда 78,3 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 11,1 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 680 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде 33 адам жұмыспен қамтылған.

Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша  36,6 мың жұмыссыз  онлайн оқытылған, оның 34,5 мыңы оқуды аяқтаған.

Ал «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 14,1 мың адам қамтылған, 7,3 мың адам оқуды аяқтап, сертификат алған.

Жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіптік оқытуға 802 адам жіберілді, оның ішінде 51 адам оқуды аяқтады.

Бұдан бөлек қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 140,7 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес алған.

«Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олардың нақты жұмыс істеп жатқаны міндетті зейнетақы жарналарының аударылуымен расталады. Мәселен, 2025 жылғы 1 мамырда 143,2 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде – 87,8 мың адам; Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер орналастырған бос бос орындарға – 31,7 мың адам; Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде – 23,6 мың адам. Орталық мемлекеттік органдар іске асыратын жобалар шеңберінде – 42 адам», делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 400 АЕК (1 572 800 теңге) дейінгі мөлшерде 9 мың грант беру жоспарланып оытр. Грант алуға үміткерлерден өтінімдерді қабылдаудың бірінші легі 2025 жылғы 21 мамыр мен 3 маусым аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25