
Фото: gov.kz
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидек, ет, ұн өнімдері мен сүт өнімдері, пісірілген тағамдар, табиғи шырындар, тосаптар, джемдер және басқа да көптеген өнімдерді сатып ала алады.
Айта кетейік, Астанада тұрақты ауылшаруашылық жәрмеңкесі жұмыс істеп тұр. Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында (Рио-де-Жанейро тұрғын үй кешенінің қарсы беті) ауылшаруашылық өнімдері мен әлеуметік маңызы бар тауарлар күн сайын сағат 9:00-ден 19:00 аралығында саудаланады.