
Фото: Ақорда
Онда Мемлекет басшысының туған күнін атап өтпейтіні және бұл күні ешқандай салтанатты шаралар жоспарланбағаны айтылған.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты ешқандай салтанатты іс-шаралар өткізілмейді. Президент бұл күнді атап өтпейді», делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, 2024 жылы да Ақорда өкілдері Президент үшін 17 мамыр – қарапайым жұмыс күні екенін, ал бұл ұстаным оның өмірлік қағидаттарының бірі екенін айтқан еді.