
Фото: kazaknews.kz
ҰБТ тапсыруға тіркелген талапкерлер үшін тестілеу күндері келесідей өзгереді:
- 23 мамырға тіркелгендер — енді 25 мамырда тест тапсырады;
- 24 мамырға тіркелгендер — 1 маусымда ҰБТ-ға қатысады.
Ұлттық тестілеу орталығы тестілеудің жаңа күні туралы ақпарат талапкерлердің app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинеттерінде автоматты түрде жаңартылатынын, сондай-ақ SMS хабарлама арқылы қосымша ескерту жасалатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, өзгерістер тек 23 және 24 мамыр күндеріне тіркелген талапкерлерге қатысты. Қалған күндердегі тестілеу кестесі өзгеріссіз қалады.