
Бұған дейін беларусь маманы команданың бас бапкері міндетін уақытша атқарып келген.
«Бұрын уақытша команданы басқарған Вячеслав Дмитриевич ресми түрде бас бапкер лауазымына тағайындалды. Оның жетекшілігімен «Ақтөбе» футбол клубы соңғы үш матчта қатарынан жеңіске жетті», делінген клубтың ресми парақшасында жарияланған хабарламада.
«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз хатшысы Асет Жомарт та бұл тағайындауды растады.
Еске салайық, биыл сәуір айында команданың бұрынғы бапкері Игорь Леонов маусымның сәтсіз басталуына байланысты қызметінен кеткен болатын.