
Фото Depositphotos.com
Ведомсвтода хабарлағандай, Қазақстанда дүниеге келген балалар саны рекордтық деңгейде азайған. Қаңтар мен наурыз аралығында елде 77 300 баланың дүниеге келгені тіркелген. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 16%-ға аз және 2014 жылдың бірінші тоқсанынан бергі ең төменгі көрсеткіш.
«Адам санының өзгерісінен маусымдық ерекшеліктерді көзбен-ақ байқауға болады. Жыл сайын ең жоғары көрсеткіштер әдетте үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша тіркеледі. Әсіресе, маусымдық серпілістер 2020 және 2021 жылғы пандемия кезінде айқын байқалды. Ал ең төмен көрсеткіштер, керісінше, жылдың алғашқы үш айында болды. Дегенмен, бұл көрсеткіш тоқсан сайын қанша құбылғанымен, соңғы 11 жыл ішінде жаңа туғандар саны 90 мыңнан төмен түскен емес», деп атап өтті аналитиктер.