Экономика • Бүгін, 09:55

«Интергаз Орталық Азия» АҚ жылыту маусымын сәтті аяқтады

30 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да («QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы) 2024–2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезең (КҚК) аяқталды. Барлық филиал­дар мен қызметтердің үйлестірілген жұмысының арқасында жылыту маусымы апатсыз, табиғи газды тасымалдауда толық тұрақтылықпен өтті.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ  жылыту маусымын сәтті аяқтады

Атырау ГТС-1 газ құбыры-бұрмасында құбырды ауыстыру

Есепті кезеңде газбен жабдықтаудағы ішкі іркілістер тіркелген жоқ, газ тасымалдау жүйесі (ГТЖ) штаттық режімде жұмыс істеді. Ел ішінде газ тұтыну өткен маусыммен салыстырғанда 6%-ға өсті, бұл энергетикалық қажеттіліктер мен өнеркәсіптік белсенділіктің өсуін көрсетеді.

Тұрақтылықты қамтамасыз етуге жер­асты газ қоймалары (ЖАГҚ) елеулі үлес қосты. Үш қоймадан газды алудың жалпы көлемі 11%-ға – 2,78 млрд текше метрден 3,08 млрд текше метрге дейін өсті.

Анықтама:

2023–2024 жылдар кезеңінде  – 2 779,2 млн текше метр;

2024–2025 жылдар кезеңінде – 3 088,6 млн текше метр.

«Бозой» ЖАГҚ-ны ерекше атап өткен жөн. Онда тарихта тұңғыш рет рекордтық көлем алынды – жоспардағы 2,5 млрд текше метрдің орнына 2,6 млрд текше метр (орындалуы 104%-ды құрады).

пр

«Сарыарқа» МГҚ «Астана-2» АГТС

 

Өңірлердегі жұмыс

Күзгі-қысқы кезеңнен өту кезінде газ­ға жоғары сұраныс жағдайында да жөндеу, профилактикалық жұмысы сәтті жүргізу маңызды жетістік болды.

Күзгі-қысқы кезеңді толық сәтті өт­кізген Атырау, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Шымкент, Қарағанды филиалдарын ерекше атап өту қажет.

Мәселен, Атырау филиалы қысқа мерзімде уақытша шектеу кезеңінде Атырау қаласын үздіксіз газбен жабдық­тау­ды қам­та­масыз ете отырып, ГТС-1 газ құбыры-бұр­­­масында 12 ақаулы құбырды ауыс­тырды.

Ақтөбедегі филиал газ құбырының екі тармағын жобалық қысымға шыға­ру ­бойынша ауқымды жұмыстар жүргіз­ді, бұл газ құбырының өткізу қабілетін артты­руға мүмкіндік берді, қыс мезгілін­де қолда­ныс­тағы жүйелерді тоқтатпай, қосымша үшін­ші тармақты қосуды қамтамасыз етті.

Қостанай облысында қысқа мерзімде «Қарталы – Рудный» магистральдық газ құбырындағы ақаулы құбырлар ауыстырылды, бұл өңірге газ жеткізу сенімділігін арттырды.

Жалпы, КҚК-ге дайындық шеңбе­рінде ел көлемінде құбырлардың 1 312 ақаулы учаскесі жойылды, гермети­калық емес крандар ауыстырыл­ды, бұл атмосфераға газ шығарындыларын жылына 134 мың текше метрге қысқар­туға мүмкіндік берді.

Бекітілген жоспарларға сәйкес барлық іс-шаралар 100% орындалды, объектілердің күзгі-қысқы кезеңнен өтуге дайындық паспорттары дәл белгіленген мерзімде бекітілді.

 

Халықаралық ынтымақтастық

2025 жылғы 24 ақпаннан 8 наурызға дейінгі төмен температура кезеңінде Ресейдің Солтүстік Кавказ федералды округінде «Газпром» ЖАҚ өтінімі бойын­ша «Интергаз Орталық Азия» АҚ еліміздің ішкі газбен жабдықтау көлемін толығымен сақтай отырып, «Союз» – «Орта Азия – Орталық» – «Мақат – Солтүстік Кавказ» бағыты бойынша 112,2 млн текше метр ресейлік газ транзитін сәтті қамтамасыз етті.

 

Алдағы кезеңге дайындық

Келесі жылыту маусымына дайындық жоспарлары бекітіліп, іске асырылып жатыр. Жұмыстар жоспарлы тәртіппен жүргізіледі, олардың орындалуы тұрақ­ты негізде бақыланады. ГТЖ нысанд­а­рын дайындауды 2025 жылдың 1 қазаны­на дейін аяқтау жоспарланған.

 

Негізгі іс-шаралар қатарында:

  • «Бұхара-Орал», «БГА-ТБА», «Союз», «Орынбор-Новопсков», «Қарталы-Рудный» магистральдық газ құбырлары бойынша магистральдық газ құбырларының 250 учаскесін жөндеу;
  • Компрессорлық станцияларда­ғы «Полторацкое», «Ақыртөбе» СКС негізгі және қосалқы жабдықтары­­ның профилактикасын жүргізу, сон­дай-ақ «Бозой» ЖАГҚ СКС ПХД НК-12СТ қозғалтқыштарының ГАА күрделі жөн­деуін аяқтау;
  • «Бозой» ЖАГҚ-ға газ айдау 2,8 млрд м3 дейін, «Полторацкое» – 362,9 млн м3 дейін, «Ақыртөбе» – 146,6 млн м3 дейін. Газ айдауды жоспарлы аяқтау – 15.09.2025 ж.;
  • «Ақыртөбе» ЖАГҚ-ға газ айдау 146,6 млн.м3 дейін. Газ айдауды жоспарлы аяқтау – 29.09.2025 ж;
  • «Полторацкое» ЖАГҚ-ға 362,9 млн. м3 дейін газ айдау. Газ айдауды жос­парлы аяқтау – 20.10.2025 ж.

Сонымен қатар тіпті КҚК жүкте­ме­сі көп кезеңінде, «Интергаз Орталық Азия» АҚ ресейлік газдың Өзбекстанға транзитін қамтамасыз ету мақсатын­да «Орта Азия — Орталық» газ тасымалдау жүйесінің өткізу қабілетін арттыру жөніндегі жобаны үздіксіз іске асырып жатқанын атап өту қажет. Бүгінде 2025 жылға жоспарланған 6 222 құбырдың 2 481 ақаулы учаскесі жойылды.