Білім • Бүгін, 16:34

Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қалай түсуге болады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторантурасы мен магистратурасына құжат қабылдау басталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференцияда академияның алматы бөлімшесінің директоры Айнұр Идрисова оқуға түсерде қандай құжат қажет екенін, оның ережесі мен жаңалығы жөнінде айтып берді, деп жазады Egemen.kz

Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қалай түсуге болады

Брифингте биыл магистратураға 120, докторантураға 12 мемлекеттік грант бөлінгені айтылды. 2025 жылы оқуға түсетіндерді жаңа талап, жаңарған білім бағдарламалары мен цифрлық мемлекеттік басқаруға байланысты жаңа бағыттар күтіп тұр. Арыз-өтінішті Admission ақпараттық жүйесі арқылы биылғы 25 маусымға дейін онлайн форматта жолдауға болады.

Іріктеу жұмысы екі кезеңнен тұрады:  28 маусым мен 1 шілде аралығында өтетін бірінші кезеңде – онлайн-форматта сараптамалық эссе жазылады. Докторантураға үміткерлер бірінші кезеңде Research proposal бағаланады. Шілденің 8-23 аралығындағы екінші кезеңде академияда сұқбат өтеді.

Байқаудың аралық қорытындысы 25 шілде күні жарияланады. Қорытынды шыққан соң, талапкерлер 7 тамызға дейін құжат тапсырып үлгеруі керек. Оқу 1 қыркүйекте басталады. 

«Академияда оқудың артықшылығын да айта кеткіміз келеді. Бұл жерде оқуды практикамен ұштастырып, кәсіби тұрғыда шыңдалуға мүмкіндік мол. Түлектер қызметтегі адаммен бірдей стипендия алып, шетелге тәжірибе алмасуға барып қайтуы мүмкін, ғылыми зерттеу де жасай алады, жобаны қорғай алады, жас мемлекеттік қызметкерлер үйінде тұрып, тәжірибелі профессорлар мен эксперттерден тәлім алады»,  деп атап өтті Айнұр Идрисова.