Туризм • 13 Мамыр, 2025

Елдегі экотуристер саны 40 пайызға артқан

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейінгі үш жылдағы дерекке сүйенсек, елімізде экотуристер саны тұрақты түрде артып келеді, деп жазады Egemen.kz.

Елдегі экотуристер саны 40 пайызға артқан

Фото: Turizm jane sport ministrligi

2022 жылы экотуристер саны 2 миллион адамға жетсе, 2023 жылы 2,4 миллион адам болған, ал 2024 жылы 2,8 миллионға көбейіп, кейінгі үш жыл бойынша 40%-ға өскен.

Ең көбірек сұранысқа ие бағыттар бойынша Алматы маңындағы Іле-Алатау ұлттық паркі, Шарын шатқалы, Алтынемел және Көлсай көлдері саналады екен.

Сала министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 14 ұлттық саябақ тұрақты туризм қағидаттарына сәйкес инфрақұрылымды дамыту бағытында жұмыс істеп келеді. Туристердің жайлы демалысы үшін визит-орталықтар, кемпингтер, глэмпингтер және өзге де нысандар салынып жатыр. Кейінгі жылдары тағы 8 заманауи визит-орталық пайдалануға берілген.