Президент • Кеше

Президент пен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесін аралады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент пен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесін аралады

Фото: Ақорда

Мәртебелі меймандар ұлттық киім үлгілері, қолөнер, әдет-ғұрып пен музыкалық аспаптар, халық ойындары көрсетілген түрлі тақырыптық аймақты тамашалады.

Қазақ халқының бай тарихы мен рухани құндылықтарын танытатын аңшылық және кескіндеме өнеріне баса назар аударды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды елорда әуежайынан шығарып салды.