
Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, жастар арасындағы бұл спорт бәсекесіне 81 елден 800-ден астам қатысушы келген.
Әлемнің үздік таеквондашылары сынға түскен додада 61 келіде отандасымыз Хамзаальпер Ромашкин алтын медаль еншіледі.
Финалдық жекпе-жекте Ромашкин Канада өкілі Никола Самордичті сенімді әрі техникалық шеберлікпен жеңді. Айта кетейік, Фуджейрадағы таеквонда тартысы 14-мамырға дейін жалғасады.