Қылмыс • 11 Мамыр, 2025

Ақтауда мейрамхана жанында жаппай төбелес болды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде Ақтауда жол бойындағы төбелестің видеосы жарияланды. Оқиға Ақтауда 9 мамырға қараған түні болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда мейрамхана жанында жаппай төбелес болды

Куәгер түсірген кадрда облыс орталығындағы 5-шағын ауданда орналасқан «Пинта» мейрамханасына қарама-қарсы жол бойында он шақты жігіттің төбелесіп жатқанын көруге болады.

Оқиға жолда көлік кептелісін тудырды. Видеода оқиға орнына полиция патрульінің жеткені де көрінеді. Төбелеске қатысушылар ұсталды.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.