Өшпес даңқ • Кеше

Алматы облысында Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіш ашылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай Алматы облысы Райымбек ауданында Ұлы Отан соғысына қатысып, ел тәуелсіздігі мен бейбіт болашағы үшін күрескен батыр ардагерлер есерткіші қайта жаңартылып, ашылу салтанаты болды, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысында Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіш ашылды

Фото: gov.kz

Соғыс жылдары аядай ғана Талас ауылынан майданға аттанған 104 азаматтан, 41 азамат оралып,  63 – і яғни жартысынан көбі майдан даласында  ерлікпен қаза тапқан.

Олардың қатарында «Даңқ» орденінің ІІ және ІІІ дәрежесімен марапатталған, Севостополь қаласының Құрметті азаматы атанған Жансая Мақышұлы, ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің иесі Сатыбалды Әбділдаев, «Қызыл жұлдыз» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған, капитан дәрежесінде соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен Нұрілден Исабаев,  Жапсарбаев Мәмітәлі және басқа да барлық майдангер мен тыл еңбекері бар.

Ескерткішті жаңартуға соғыс ардагерлерінің ұрпақтары бастамашы болған. Қаражаттары мен уақытын аямай, аталарының аманатын арқалаған ұрпақтың бұл ісі – нағыз азаматтықтың, ұлтқа деген сүйіспеншіліктің белгісі. Ескерткіштің ашылу салтанатына жергілік атқарушы орган өкілдері, ауыл тұрғындары, соғыс және тыл ардагерлерінің ұрпақтары қатысып, ізгі тілектерін жеткізді.  

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше