
Фото: olympic.kz
Биылғы турнирге әлемнің он елінен спортшылар қатысады. Жүлделер үшін Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Армения, Грекия, Ресей, Латвия және Литва құрамалары өзара бақ сынайды.
Айта кетейік, Silk Way Series – халықаралық деңгейдегі беделді спорттық дода. Бұл турнир Азия мен Еуропа арасындағы спорттық байланысты нығайтып, велоспортты дамытуға серпін береді.