
Фото: Ашық дереккөз
Іс-шара барысында 500-ден астам дрон қолданылып, Ұлы Отан соғысының қаһармандары – Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Бауыржан Момышұлының бейнелері анимациялық түрде аспанда көрсетіледі.
Көрермендерге дрон-шоуды тамашалауға арналған бірнеше алаңдар дайындалған:
- Абай алаңы;
- «Қазақстан» қонақ үйі маңы;
- Caspian University маңы;
- Абай даңғылы (Назарбаев пен Достық көшелерінің аралығы)
Осыған байланысты 9 мамыр күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін қала орталығында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Абай даңғылының Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі бөлігі, сондай-ақ, Достық даңғылының Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі аралығында жол жабылады.