Аймақтар • Кеше

Ақтөбеде жол жөндеуге 58 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында көктемнің келуімен жол жөндеу маусымы басталды. Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, өңірдің жол инфрақұрылымын жақсартуға 2025 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен 58 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаржыға жалпы ұзындығы 458,3 шақырым жолды жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде жол жөндеуге 58 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жөндеу жұмыстарының соның ішінде 245 шақырымы жергілікті маңызы бар тас жолдар болса, қалған бөлігі облыс орталығы мен аудандық деңгейдегі көше жолдарын қамтиды.

Қазіргі таңда барлық жобалар бойынша мердігер ұйымдар анықталып, жұмыс кестелері бекітілген. Жол құрылыстары мен жөндеу жұмыстарының бір бөлігі 2024 жылдан ауысып келген. Атап айтқанда, 14 жол құрылысы, 1 тас жол мен 3 көпірді жаңарту, 3 орташа және 17 күрделі жөндеу, 12 мектепке апаратын жол және 4 кіреберіс жол құрылысы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр.

Жоспар бойынша 2025 жылдың соңына дейін облыс жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 82%-ға дейін жеткізу көзделген.