
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі
Қала әкімдігінің хабарлауынша, 2025 жылы жалпы ұзындығы 40,8 шақырымды құрайтын 15 нысанда жол құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Оның ішінде Қонаев даңғылының жалғасы 16,3 шақырымды құрайды және 6 кезеңге бөлінген. Қазіргі уақытта 1, 3, 4 және 6-кезеңдер аяқталған. 2 және 5-кезеңдердегі құрылыс жұмыстары биыл басталып, тиісінше 2025 және 2026 жылдары аяқталады.
Сондай-ақ қайта жаңғыртылып жатқан А-2 автомобиль жолының ұзындығы – 28,2 шақырым, 8 кезеңнен тұрады. Бүгінде алғашқы 4 кезең аяқталып, қалған 5, 6, 7, 8-кезеңдерде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 6, 7 және 8-кезеңдерді 2025 жылы, 5-кезеңді 2026 жылы аяқтау жоспарланған.
Қаланың кептелісін азайту мақсатында Бәйдібек би даңғылы (Зообақ – Бозарық айналма жолы) бойында Алтынсарин көшесінің жалғасы (Төлеметов көшесінен Тұран шағынауданына дейінгі аралық) салынып жатыр. Ұзындығы 2,3 шақырымды құрайтын бұл жобаның құрылысы 2026 жылы аяқталады.
Бұдан бөлек, Жандосов көшесінің жалғасы (Адырбеков – Сасбұқаев көшелері аралығы, ұзындығы – 400 м) мен Асар және Шымсити шағынаудандарын байланыстыратын (Түркия көшесі мен А-2 жолын жалғайтын, ұзындығы – 1,1 шақырым) жол құрылыстары биыл пайдалануға беріледі.
Көлік кептелістерін жою үшін қалада биыл Тленшин және Момынов көшелерінде 2 теміржол өткелінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл нысандарды 2026 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
Биыл 17,1 шақырымды құрайтын бірқатар көшелерде – Юсупов, Тамшыбұлақ, Жаңа Қоныс, Ізенді, Ю.Сареми және Жаңақұрылыс көшелерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар 2025 жылы аяқталады.
Сонымен қатар, 2025 жылы ұзындығы 161,2 шақырым болатын 252 көшеде орташа жөндеу жүргізіледі. Бұл жұмыстар жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен орындалып жатыр.
2025 жылы Шымсити және Тұран шағынаудандарында 6 жаңа бағдаршам, қала көшелерінде қосымша 25 бағдаршам орнату жоспарланған. Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін арттыру мақсатында реттелмейтін 487 өткелдің ішінен 200 орын анықталды, солардың 100-іне қосымша жарықтандыру орнатылады.
Келесі жылы қала бойынша 6 000 дана жол белгілерін орнату және жаңарту көзделген. Сонымен қатар, мектеп, балабақша, емхана маңындағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында 1 200 метрге жасанды жол кедергілері орнатылады.
«2025 жылы қала көшелерін 100% көше жарық шамдарымен қамтылмақ.Бүгінгі таңда 80 тұрақты маршруттарда күнделікті 949 автобус жолаушыларды тасымалдауда, оның ішінде 79 маршрут әлеуметтік маңызы бар маршрут деп айқындалған. Аталған маршруттарға 11 көлік компаниясы қызмет көрсетіп жатыр. Жалпы көліктердің саны 1120 бірлікті құрайды, оның ішінде 44 автобус 3 жылға дейін, 1060 автобус 5 жылға дейін және 7 жылдан асқан 16 автобус. Маршруттарда қызмет көрсететін автобустардың 100% GPS треккерлермен жабдықталған. Биыл жылы тасымалдаушылар тарапынан 205 жаңа автобустарды сатып алу көзделуде, оның ішінде газ метанды пайдаланатын 180 автобус және 25 шағын автобус.Аталған автобустар ескірген, талаптарға жауап бермейтің автобустардың орнына ауыстырылады және жаңа маршруттарда қызмет көрсетеді», делінген хабарламада.