Қоғам • 07 Мамыр, 2025

Жаңа заң отандық өндірушілердің мүддесін қолдайды — министрлік

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрлігінің хабарлауынша, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң отандық өндірушілер мен шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған. Бұл заң кәсіпкерлерге мемлекеттік тапсырыс арқылы тұрақты табыс көзіне ие болуға және өз өнімдеріне кепілді сұраныс қалыптастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа заң отандық өндірушілердің мүддесін қолдайды — министрлік

Фото: Қаржы министрлігі

Министрлік өкілдерінің айтуынша, заңның бірінші жаңашылдықтар блогы сатып алу рәсімдерін оңайлату мен қысқартуға арналған. Бұл сатып алуды жедел жүргізуге, тапсырыс берушілердің өкілеттігін кеңейтуге және рәсімдерді ұзартуға жол бермеуге бағытталған.

Жаңа заңға сәйкес, жеткізуші туралы ақпарат мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы қалыптастырылады. Шағымдарды сатып алуды ұйымдастырушы тікелей қарайды. Ал сатып алу қорытындысын даулау тек веб-портал арқылы және конкурс комиссиясы жеңімпазды анықтаған сатып алулар бойынша ғана мүмкін болады.

Сонымен қатар, заңда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жауапты болған компаниялар, олардың басшылары немесе құрылтайшылары мемлекеттік сатып алуға қатысу құқығынан айырылады. Бұл норма сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған.

Сондай-ақ заң бойынша мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуларына бірыңғай қолжетімділікті қамтамасыз ететін, «Электрондық қаржы орталығы» АҚ базасында құрылған бірыңғай электрондық платформа енгізілді.

Қаржы министрлігі жаңа заңның мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы мен тиімділігін арттырып қана қоймай, сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің сапасын көтеруге, қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуге және отандық өндірушілерді қолдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше