
Фото: Ашық дереккөз
«Отан қорғау – ер еншісі» деген халық даналығын келтіре отырып, Әшімбаев еліміздің кең байтақ жерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметшілердің батырлық дәстүрді лайықты жалғастырып келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзімен айтқанда, бүгінгі Қазақстан әскері – батыр бабалар жолын жалғаушы, ел қорғаны бола білген күш.
«Қуатты армиямыз – тәуелсіз Қазақстанның берік қалқаны және мызғымас мемлекеттіліктің мығым тірегі. Алдағы уақытта да қорғанысымыз күшейіп, әскеріміздің айбыны асқақтай берсін!Отаншылдық сезімді арттыра түсетін мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға бақ-береке тілеймін! Еліміздің іргесі әрдайым берік болсын!», делінген құттықтауда.
Сенат төрағасы барша азаматтарға Отаншылдық рух сыйлайтын мереке қарсаңында бейбіт өмір, бақ-береке және еліміздің іргесінің әрдайым берік болуын тіледі.