Президент • Кеше

Майданға 1,2 миллионнан астам қазақстандық аттанған

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1941-1945 жылдардағы алапат соғысқа 1 миллион 200 мыңнан аса отандасымыз қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Майданға 1,2 миллионнан астам қазақстандық аттанған

Фото: Ақорда

Республиканың әрбір төртінші тұрғыны әскерге аттанды. Майдан даласында атылған әрбір тоғызыншы оқ Қазақстанда құйылған.

Сонымен қатар Қазақстанға 220-дан астам фабрика мен зауыт көшірілген.

Айта кетейік, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бекітілген «Халық қаһарманы» атағымен 12 соғыс ардагері наградталған.

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбын» орденінің үш дәрежесіне халқымыздың біртуар батырлары – Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру туралы заңға қол қойды. Бұл – ерліктің символына айналған батырлар есімін ұлықтаудың жарқын мысалы. 

110 қазақстандық «Даңқ» орденінің толық кавалері атанған.