
Фото: Қорғаныс министрлігі
Салтанатты кездесу барысында әскери қызметшілер ұлт мақтанышына айналған әншіге гүл шоқтарын тарту етіп, аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлы туралы кітапты сыйға тартқан.
Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, полковник Арман Тұрғанбаев Бибігүл Ахметқызына шексіз ризашылығын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізген.
«Сіз – таңғажайып ерік-жігер мен өмірге деген құштарлықтың жарқын үлгісісіз. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және шығармашылық табыс тілейміз», деді полковник.
Өз кезегінде Бибігүл Төлегенова әскери қызметшілерге алғысын айтып, мамыр айындағы қос мереке – Отан қорғаушылар және Жеңіс күнімен құттықтады.
«Жеңіс күніне орай жолданып жатқан құттықтаулар жүрегімді елжіретеді. Мен барлық қазақстандықтарға ашық аспан мен тыныш өмір, мол амандық пен мерекелік көңіл-күй тілеймін. Ұлы Отан соғысында Жеңіске жетуге баға жетпес үлес қосқан ардагерлеріміз бен олардың отбасыларына ерекше құрмет білдіремін. Қазақстан халқы соғыс деген сөзді ешқашан білмесін», деді әнші.