Оқиға • Кеше

Бүгін елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әскери шеру Астанадағы «Қазақ елі» алаңында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Бүгін елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді

Фото: Ашық дереккөз

Салтанатты іс-шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысады.

Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.