
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегінше, 2021-2024 жылдары республика бойынша барлығы 1 млрд 150 млн ағаш отырғызылды.
Тапсырманың орындалу мерзімі ұзартылуына байланысты ормандарды молықтыру және қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарлар қайта бекітілді.
Мемлекеттік орман қоры аумағында ормандарды молықтыру кезінде 1 және 2 жылдық көшеттер пайдаланылады.
- Көшеттердің жасы - 1-2 ж.;
- Биіктігі тұқымына қарай: жапырақты 10-30 см,
- Қылқан жапырақты ағаштарда 15-50 см.
- екпе көшеттер ормандарды қалпына келтіруде, сондай-ақ үлкен аумақтарда, материал бағасының төмендігі қажет болатын жаппай отырғызу кезінде қолданылады;
- республика бойынша барлығы 3178 га аумақта 251 орман питомнигі бар, онда қазіргі уақытта 280 млн. астам 1 және 2 жылдық көшеттер өсіріледі;
- орман заңнамасында мемлекеттік орман қорында аудандастырылмаған отырғызу материалын пайдалануға тыйым салынады.