Университет • Бүгін, 16:14

Абай университетінде «Ерлікке тағзым» белгі тасы орнатылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың 6 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым» ескерткіш белгісінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай университетінде «Ерлікке тағзым» белгі тасы орнатылды

Көркемдік композиция Кеңес Одағының батырлары - Мәлік Ғабдуллин, Лесбек Жолдасов, Қанаш Қамзин, Құдайберген Сұрағанов, Рахымжан Тоқатаев, Ахмедияр Құсайынов, Сәду Шәкіров, Евгений Бреусов, Жолдыбай Нұрлыбаев және соғысқа аттанған 114 ҚазПИ (қазіргі - Абай атындағы ҚазҰПУ) студенті мен оқытушысының рухына деген тағзым белгісі ретінде орнатылды.

Ескерткіштің ашылуы – ерліктің мәңгілік екенін ұлықтап, батырлардың есімін жас ұрпақ жадына сіңіру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға университет ректоры Болат Тілеп, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Алмаз Кеңесбай, университет басшылығы, оқытушылар, ардагер ұстаздар, Кеңес Одағының батырларының ұрпақтары және білім алушы жастар қатысты.

е

«Бүгінге дейін университеттен майданға аттанған 8 Кеңес Одағының батыры белгілі болса, тарихшы ғалымдарымыздың мұқият зерттеу жұмыстары нәтижесінде тоғызыншы батырдың да осы оқу ордасынан шыққаны анықталды. Осы орайда түлектердің қолдауымен белгі тас орнатылып отыр. Бұл – майданға аттанған ұстаздар мен студенттердің ерлігіне деген тағзым», – деді салтанатты сөзінде ректор Болат Тілеп.

р

Іс-шара соңы «Ерлікке тағзым» атты концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетейік, ескерткіш белгі Абай университетінің түлегі Рақымберді Жетібайдың демеушілігімен қойылса, шараны ұйымдастыруға университеттің Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменті мұрындық болды.