Оқиға • Бүгін, 10:55

Алматы әуежайында жүйелік ақау тіркелді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстерге арналған ұшу залында қысқа мерзімді жүйелік ақау орын алып, рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы әуежайында жүйелік ақау тіркелді

Фото: Ашық дереккөз

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 мамыр күні ішкі рейстердің келу аймағында қолжетімділікті бақылау жүйесінде ақау тіркелген. Соның салдарынан жолаушылар ағыны араласып, қауіпсіздік алгоритміне сәйкес жолаушылар қайта тексерілген.

«Белгіленген қауіпсіздік тәртібіне сәйкес жолаушыларды қайта тексеру шаралары жедел түрде жүргізілді. Бұл іс-шаралар рейстер кестесіне айтарлықтай әсер еткен жоқ. Орташа кідіру уақыты 25 минуттан аспады. Қазіргі уақытта әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз», делінген хабарламада.