Білім • 05 Мамыр, 2025

Қазақстандық оқушы ең үздік лингвист атанды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы - APLO-2025 байқауында қазақстандық оқушылар 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандық оқушы ең үздік лингвист атанды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасына Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд елдерінен 500-ге жуық оқушы бақ сынады. Байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанып, алтын медаль еншіледі. Сондай-ақ білім бәйгесінде Самир Сарбасов - 12 сынып, НЗМ, Астана қаласы, Тимур Кантаев - 11 сынып, «Арыстан» мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы, Зере Серікова - 11 сынып, №9 «Зерде» мектебі, Астана қаласы, Темірлан Сейтбаттал - 11 сынып, БИЛ, Ақмола облысының оқушылары жүлдегерлер тұғырынан табылды. 

Ал Ислам Сипатталов - 10 сынып, БИЛ, Ақтөбе қаласы, Шыңғыс Қарасаев - 11 сынып, НЗМ, Орал қаласы, Арон Хасанов -11 сынып, БИЛ, Атырау қаласының оқушылары Құрмет грамотасымен марапатталды. 

Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) — жоғары сынып оқушыларына арналған халықаралық лингвистикалық олимпиадаға білім алушыларды лингвистика және география пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы, Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің 2-курс студенті Аида Давлетова дайындаған. 

Айта кетейік,  бұл олимпиада логикалық ойлау, тілдік түйсігі мен мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға бағытталған және Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға (IOL) қатысуға мүмкіндік береді. 

 

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше