
Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша меморандумның мақсаты тараптар арасындағы ынтымақтастықты, оның ішінде инновацияларды дамыту, денсаулық сақтау жүйесін нығайту, мемлекеттік бастамаларды қолдау сияқты салалардағы ынтымақтастықты тереңдету. Келісім екі тараптың осы салаларда жан-жақты қолдау көрсету ниетін көрсетеді.
Осы ынтымақтастық аясында Қазақстанда өндірісті дамыту, озық медициналық технологияларды жеткізу, заманауи диагностикалық бағдарламаларды жетілдіру, сондай-ақ ғылыми зерттеулер бойынша жобаларды іске асыруды қоса алғанда, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.
Айта кетерлік жайт, компанияның бастапқы дәрілерінің бірінші партиясын келісім-шарт бойынша өндіруді бастау биылғы мамыр айында жоспарланған.
Жоғарыдағы мәмілеге орай, «АстраЗенека» Қазақстан үкіметімен байланыс және сыртқы коммуникациялар жөніндегі директоры Арсен Насырханов:
«2022 жылдың басынан бері «АстраЗенека» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытуға 3,5 миллиард теңгеден астам инвестиция салды. Бұл инвестициялар денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға және озық медициналық шешімдерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге көмектеседі», деді.
Екі тарап та бұл келісім ынтымақтастықты тереңдетуде, елдегі денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға жол ашатынын, сондай-ақ Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы табысты ынтымақтастықтың көрсеткіші екенін атап өтті.