Спорт • Кеше

Әбиба Әбужақынова дзюдодан Душанбедегі Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әбиба Әбужақынова дзюдодан Душанбедегі Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Дзюдошы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті. Әбужақынова жартылай финалға дейін жетіп, Қытай спортшысы Вэньне Чжуанға жол берді.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол өзбекстандық Улбусин Хакимовамен кездесіп, тиімді әдіс арқылы кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы бірінші жарыс күнін бір медальмен аяқтады.

Соңғы жаңалықтар

Көкшетау көркейіп келеді

«Таза Қазақстан» • Кеше

Өндірістегі өзгеше отау

Мереке • 01 Мамыр, 2025